×
527.23
544.05
5.05
#қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
527.23
544.05
5.05

Байден қызметінен кетерде де Ресейге қарсы жаңа санкция енгізуді көздеп отыр

Бүгін, 19:13
Байден қызметінен кетерде де Ресейге қарсы жаңа санкция енгізуді көздеп отыр
ашық дереккөзден

АҚШ президенті Джо Байден осы аптада Ресей экономикасына қарсы жаңа санкцияларды енгізуді жоспарлап отыр, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

Бұған қоса, Байден әкімшілігі Украинаға 500 миллион долларлық әскери көмек пакетін дайындап жатыр. Оған әуе қорғанысы зымырандары, авиациялық оқ-дәрілер және F-16 жауынгерлік жабдықтары кіреді, деп жазады Reuters.

Дональд Трамптың 20 қаңтарда Ақ үйге оралуы қақтығысты дипломатиялық жолмен шешілер деген үміт туғызады, бірақ Киев бейбітшілікке тез жету амалының салдарынан Ресейге үлкен жеңілдіктерді беріліп мүмкін деп қорқады.

Байденнің кеңесшілері Украина майдан даласындағы позициясын күшейтсе, Ресеймен келіссөздерде жақсы шарттарға қол жеткізуге көмектеседі деп санайды. Сонымен қатар, қытайлық компанияларды Ресейге қолдау көрсеткені үшін санкцияға енгізу шаралары талқыланып, Солтүстік Кореяның соғыс қимылдарындағы рөлі зерттеліп жатыр.

АҚШ қаржы министрі Джанет Йеллен Вашингтон Ресейдің мұнай экспортынан түсетін кірісін және оның соғыста қолданылатын шетелдік ресурстарға қол жетімділігін төмендетуді жалғастыратынын айтты.

БАЙДЕН 

Бұған дейін АҚШ-тың экс-президенті Дональд Трамп қазіргі мемлекет басшысы Джо Байденге қатты сын айтып, оны ел тарихындағы ең нашар президент деп атады. Демократтар атынан сайлауға Камала Харис түскен. Алайда ол сайлауда жеңіліп қалды.