×
526.81
542.72
5.16
#қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
526.81
542.72
5.16

Қырғыз президентінің іздеуде жүрген экс-кеңесшісі Молдовада қолға түсті

12.01.2025, 11:39
Қырғыз президентінің іздеуде жүрген экс-кеңесшісі Молдовада қолға түсті
Ашық дереккөзден

Президент Садыр Жапаровтың ірі көлемде алаяқтық жасағаны үшін халықаралық іздеуде жүрген бұрынғы кеңесшісі Айдар Халиков Молдовада ұсталды, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

Қырғыз Республикасы Ішкі істер министрлігі Молдовада Қырғыз Республикасы президентінің бұрынғы кеңесшісі 1965 жылы туған Хайдарәлі Халиков (Айдар) ерікті түрде ұсталғанын растады.

Халиков Қырғызстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 209-бабы («Қызмет бабын асыра пайдалану арқылы жасалған аса ірі көлемдегі алаяқтық») бойынша күдікпен Интерпол арқылы іздеуде жүрген.

Тергеу барысында анықталғандай, Халиков мемлекеттік қызметкер бола тұра, азамат С.Д.-дан алаяқтық жолмен ақша алған. Сонымен қатар, оның басқа да осыған ұқсас қылмыстарға қатысы бар.

Қазір Халиковты еліне экстрадициялау мәселесі шешіліп жатыр.

2024 жылдың 5 қыркүйегінде Президент Әкімшілігін реформалау және басқару жүйесін жетілдіру аясында Президент Садыр Жапаровтың шешімімен Халиков президент кеңесшісі қызметінен босатылған. Артынша ол елден кетіп қалған.