×
526.81
542.72
5.16
#қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
526.81
542.72
5.16

Солтүстік Корея Украинада қанша сарбазынан айырылғаны аталды

Солтүстік Корея Украинада қанша сарбазынан айырылғаны аталды
УНИАН, Андрей Коваленко, Getty Images

Украинаның Курск облысында қаза тапқан солтүстіккореялық сарбаздардың саны көбейді. Оңтүстік Кореяның Ұлттық барлау қызметінің мәліметінше, олардың саны 300-ге жеткен, деп хабарлайды Ulysmedia.kz Yonhap news agency-ге сілтеме жасап.

ЦИФРЛАР НЕ ДЕЙДІ

Yonhap агенттігі Оңтүстік Корея барлау қызметінің брифингінде айтылған ақпаратқа сілтеме жасап, Курск облысындағы КХДР әскери күштерінің жалпы шығыны шамамен 3000 адамға жеткенін хабарлады. Оның ішінде, 300 адам қаза тапқан және 2700 сарбаз жараланған.

Оңтүстіккореялық барлау қызметі солтүстіккореялық сарбаздардың «жаппай шығынын» олардың «заманауи соғысты түсінбеуімен», соның ішінде алыс қашықтықтағы дрондарға пайдасыз оқ атуымен байланысты деп отыр.

Сонымен қатар, брифингте барлау өкілдері Солтүстік Корея өзінің сарбаздарын украиналық әскерлердің қолына тірідей түспеуі үшін өзін-өзі өлтіруге мәжбүрлейтінін мәлімдеді. Одан бөлек, Украинада тұтқынға түскен солтүстіккореялық сарбаздар Оңтүстік Кореяға қашқысы келмейтіні айтылды.

ЗЕЛЕНСКИЙ ЕКІ САРБАЗДАН ЖАУАП АЛДЫ

Украина президенті Владимир Зеленский Солтүстік Кореяның екі сарбазынан жауап алды. Зеленский Ресейдің Курск облысында тұтқынға алынған солтүстік кореялық жауынгерлерден жауап алып жатқан алғашқы видеосын жариялады және Киев Ресей Федерациясындағы украиндық тұтқындарға айырбас ретінде оларды отандарына қайтаруға дайын екенін мәлімдеді. 

10 МЫҢ КОРЕЯЛЫҚ САРБАЗ

Қыркүйекте АҚШ Солтүстік Корея сарбаздары Украинаға қарсы соғысқа қатыса бастағанын хабарлаған болатын. Пхеньян Ресейдің шығысына жіберген 10 мыңнан астам әскердің басым бөлігі Курск облысына жіберілген. 

Бұл туралы АҚШ Мемлекеттік департаментінің баспасөз қызметі басшысының орынбасары Ведант Пател хабарлады.