×
523.2
594.3
6.38
#қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
523.2
594.3
6.38

АҚШ-тағы жойқын өрт кезінде танымал актриса қайтыс болды

15.01.2025, 07:54
АҚШ-тағы жойқын өрт кезінде танымал актриса қайтыс болды
Ethan Swope, AP

«Ағайынды Блюз», «Он өсиет» және «Леди блюз ән салады» сияқты танымал фильмдерге түскен америкалық актриса Дэйлис Карри Алтадиндегі (Калифорния) жойқын өрт кезінде қаза тапты, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

Дэйлис Кари өзінің соңғы күнін ауруханада өткізді, содан кейін немересі Келли актрисаны үйіне алып кеткен. Түнде Келли әжесінің үйінде электр қуатын сөніп қалғаны жөнінде хабарлама алған. Үй жағына келген кезде ол баспана Eaton Fire деп аталатын әйгілі өрттен толық жанып кеткенін көрген.

Дэйлис Карри

Полиция 95 жастағы актрисаның денесі қираған үйден табылғанын растады. Трагедия орнында тек көк кадиллак көлігі қалған. 

Өрт алаңы 1182 гектарды құрады, тұрғын үйлер отқа оранды. Өртті сөндіруге арнайы ұшақ тартылды. Өрттің салдарынан 30 мыңға жуық адам эвакуацияланды. Жолдарда кептелістер пайда болды. Соның салдарынан тұрғындар көлігін тастап, жаяу эвакуациялануға мәжбүр болды.

Калифорнияда Қазақстанның 73 студенті оқиды. Қазақстан тарапы олардың қауіпсіздігін “мұқият қадағалап отырмыз” деп хабарлады. АҚШ-тағы студенттерден Қазақстан сыртқы істер министрлігіне ешқандай өтінім түспеген.

Серіктес жаңалықтары