×
529.65
544.64
5.16
#қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
529.65
544.64
5.16

«Өлтірем деп ойламадым»: сарбазды атқан офицер сотта әке-шешесінен жылап кешірім сұрады

Бүгін, 18:05
«Өлтірем деп ойламадым»: сарбазды атқан офицер сотта әке-шешесінен жылап кешірім сұрады
Ulysmedia коллажы

Астанадағы әскери сотта 19 жастағы сарбаз Марат Барқұловтың өліміне қатысты сот отырысы бүгін де жалғасты. Мерзімді әскери қызметшіні атып өлтірген офицер Дамир Досовтан жауап алынды, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

СОТТАЛУШЫ НЕ ДЕЙДІ

Досов өзіне қылмыстық кодекстің 99-бабы (қасақана өлтіру) тағылғанымен келіспейді. Марат Барқұловты өлтірерлік еш пиғылым болмады дейді.

Мен Маратпен де, басқа қатарластарымен де жақсы қарым-қатынаста едім. Бұл абайсызда болды. Мен пистолеттің оқталып тұрғанын білмедім, – дейді ол.

Досовтың сөзінше, оған қаруды зенитті бригаданың штаб бастығы Бағдат Майлиев берген. Қарудың оқталғанын өзінің айтуынша көрмеген. Қаруға байланысты қандай да бір нұсқаулық болмағаннан кейін оның оқталып тұрған-тұрмағанынан хабарсыз болдым дейді. Досов сонымен қатар басқа да сарбаздардың бетіне қару төсегенін жоққа шығарды. Палаткада сарбаздарды боқтап, қаруды кезегенін де. Болған оқиғаны “адами фактор” деп атады. Жауап берер кезде жылап, Марат Барқұловтың әке-шешесін кешірім сұрады.

СОТ ІСІ

Еске салайық, бірнеше күн бұрын Астанадағы әскери сотта 19 жастағы сарбаз Марат Барқұловтың өліміне қатысты алғашқы сот отырысы басталды. Сот отырысына қатысып жатқан Ulysmedia.kz тілшісінің хабарлауынша, сот процесі жанжал болған: журналистерді сот залына бірден кіргізбеген. Толығырақ осы тұста

Марат Ерболұлы Барқұлов өзінің туған ауылы – Шығыс Қазақстан облысының Самар ауылында жерленді. Ulysmedia тілшісі сол тұста Самар ауылына барған. 

Қайғылы оқиға "Батыс" өңірлік қолбасшылығы бөлімдерінің жиыны кезінде болған. Сол тұста тараған ақпаратқа қарағанда, сағат 17:10 шамасында лагерь бойынша кезекші, гвардия лейтинанты ПМ 9 мм тапаншасынан оқ атқан. Атылған оқ қатардағы жауынгер Марат Ерболұлы Барқұловтың бетіне тиген. Сарбаз ауруханаға жеткізілгенімен оны аман алып қалу мүмкін болмаған. Сағат 17:40 шамасында ол көз жұмған.

Марат Барқұловтың әкесі