Oyan, Qazaqstan қозғалысының белсенділері QazNews24 сатиралық паблигінңң авторы Темірлан Еркебектің үйіне тінту жүргізіліп жатқанын хабарлады, деп жазады Ulysmedia.kz.
Олардың айтуынша, бұған қылмыстық кодекстің 174-бабы бойынша (әлеуметтік, ұлттық, рулық, нәсілдік, таптық немесе діни алауыздықты қоздыру) айыптау себеп болған.
Шұғыл! Қазір біздің досымыз Темірлан Еркебектің үйінде тінту жүріп жатыр, - делінген мәлімдемеде.
Бұл оны қудалаудың бірінші жағдайы емес.
Егер белсенділердің ақпараты расталса, бұл сатириктің алғаш рет қудаланғаны емес. 2021 жылдың мамыр айында полиция Ергебекті ҚР ҚК 274-бабы (көрінеу жалған ақпарат тарату) бойынша айыптап, тергеу амалдарын жүргізілген.
Автор өз паблигі тек сатиралық материалдарды жариялайтынын, ал нақты оқиғалар мен адамдармен кез келген сәйкестік "абсолютті кездейсоқтық” екенін атап өткен. Өз ресурсын ол "сатиралық жаңалықтар ақпараттық агенттігі” ретінде көрсетеді.
Ulysmedia тілшісі Алматы қаласы полиция департаментіне осы оқиға бойынша сұрақ жолдаған. Департаменттің баспасөз қызметі “нақтылаймыз” деп, кейін ақпарат берілетінін тұспалдады.