×
530.12
546.08
5.17
#қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
530.12
546.08
5.17

Сатиралық паблик авторы екі айға қамауға алынды

Бүгін, 20:36
Сатиралық паблик авторы екі айға қамауға алынды

Сенбі күні кешке Алматыда сот Qaznews24 сатиралық паблигінің авторы Темірлан Еңсебекті екі айға қамауға алды, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

Темірлан Еңсебекке тергеу барысында екі ай қамауда ұстау түріндегі бұлтартпау шарасы қолданды. Оған қылмыстық кодекстің 174-бабы бойынша (әлеуметтік, ұлттық, рулық, нәсілдік, таптық немесе діни алауыздықты қоздыру) айып тағылып отыр.

ҮЙІНДЕГІ ТІНТУ

17 қаңтарда “Oyan, Qazaqstan” қозғалысының белсенділері QazNews24 сатиралық паблигінің авторы Темірлан Еңсебектің үйіне тінту жүргізіліп жатқанын хабарлаған еді.  Алматы қаласы полиция департаменті Еңсебектің ұсталып, ұлтаралық араздықты қоздыру фактісі бойынша тергеліп жатқанын растаған. 

Автор өз паблигі тек сатиралық материалдарды жариялайтынын, ал нақты оқиғалар мен адамдармен кез келген сәйкестік "абсолютті кездейсоқтық” екенін атап өткен. Өз ресурсын ол "сатиралық жаңалықтар ақпараттық агенттігі” ретінде көрсетеді.