×
522.42
543.89
5.28
#қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
522.42
543.89
5.28

-38°C дейін аяз, көп өңірде тұман – бүгін ауа райы қандай болады

Бүгін, 08:09
-38°C дейін аяз, көп өңірде тұман – бүгін ауа райы қандай болады
ашық дереккөзден

Синоптиктер 24 қаңтарға арналған ауа райы болжамын жариялады, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

Астанада күн жауын-шашынсыз көшпелі бұлт жүреді. Оңтүстік-батыс жел секундына 5-10 метрді құрайды. Ауа температурасы түнде -32-34, күндіз -21-23 градус аяз.

Алматыда да күн бұлтты, жауын-шашынсыз. Кейде тұман. Солтүстік жел секундына 2-7 метр. Ауа температурасы түнде -18-20, күндіз -10-12 градус аяз.

Шымкентте жауын-шашынсыз бұлт аз. Шығысында жел секундына 5-10 метр. Ауа температурасы түнде -15-17 аяз, күндіз 0+2 жылы.

Абай облысының солтүстігінде аздаған қар, жаяу бұрқасын күтіледі. Жел батыстан, солтүстік-батыстан соғады, түнде облыстың солтүстігінде, шығысында 15-20 м/с. Ауа температурасы түнде -25-30 градус, шығыста, облыстың орталығында -33, күндіз -20-25 градус аяз.

Ақмола облысының солтүстігінде күндіз  оңтүстік-батыстан жел соғады, екпіні 15-20 м/с күтіледі. Көкшетау қ.: 24 қаңтарда оңтүстік-батыстан жел соғады, күндіз екпіні 15-20 м/с күтіледі. Ауа температурасы түнде 31-36, облыстың солтүстігінде 26, күндіз 20-25, облыстың батысында, солтүстігінде 16 аяз.

Атырау облысында оңтүстік-шығыстан жел соғады, екпіні 15-20 м/с. Атырау қ: 24 қаңтарда оңтүстік-шығыстан жел соғады, екпіні 15-20 м/с. Ауа температурасы түнде -6-11, облыстың солтүстігінде, шығысында -15-20 аяз, күндіз 0-5, облыстың солтүстігінде, шығысында -10 градус аяз.

Алматы облысының солтүстігінде, таулы аудандарында қатты аяз 31 градус күтіледі. Солтүстігінде, оңтүстігінде, таулы аудандарында кей уақытта тұман күтіледі. Алматы қ.: 24 қаңтарда кей уақытта тұман күтіледі. Қонаев қ.: 24 қаңтарда кей уақытта тұман күтіледі.

Ақтөбе облысында оңтүстік-шығыстан жел соғады, облыстың батысында, орталығында екпіні 15-20 м/с. Ауа температурасы түнде -18-23 градус, облыстың солтүстік-шығысында -26, күндіз -12-17, облыстың солтүстік-шығысында -20 градус аяз болады.

Жетісу облысының шығысында, таулы аудандарында аздаған қар күтіледі. Облыстың шығысында, таулы аудандарында жаяу бұрқасын, тұман. Солтүстік-шығыстан жел соғады, облыстың солтүстігінде, шығысында екпіні 15-20, кей уақыттарда 25 м/с. Түнде қатты аяз 25-29 градус күтіледі. Талдықорған қ.: 24 қантарда түнде қатты аяз 27-29 градус күтіледі. Ауа температурасы түнде қатты аяз -24-29 градус, солтүстікте, облыстың таулы аймақтарында өте қатты -33 градусқа дейін аяз, облыстың оңтүстігінде -19 градус, күндіз -13-18, облыстың оңтүстігінде -10, солтүстікте, облыстың таулы аймақтарында -22 градус аяз болады.

Батыс Қазақстан облысының батысында аздаған қар, жаяу бұрқасын күтіледі. Түнде және таңертең облыстың солтүстігінде, шығысында тұман күтіледі. Жел шығыстан, оңтүстік-шығыстан соғады, күндіз облыстың батысында, оңтүстігінде, шығысында екпіні 15-20 м/с. Орал қ.: 24 қаңтарда түнде және таңертең тұман күтіледі. Ауа температурасы түнде -15-20 градус, облыстың батысында -12, күндіз -8-13, облыстың батысында -5 градус суық.

Солтүстік Қазақстан облысының солтүстігінде аздаған қар, жаяу бұрқасын күтіледі. Оңтүстік-батыстан жел соғады, түнде облыстың батысында, солтүстігінде, оңтүстігінде екпіні 15-20 м/с, күндіз күші 15-20, облыстың батысында, солтүстігінде, оңтүстігінде екпіні 25 м/с. Петропавл қ.: 24 қаңтарда күндіз аздаған қар, жаяу бұрқасын күтіледі. Оңтүстік-батыстан жел соғады күші 15-20, күндіз екпіні 23 м/с. Ауа температурасы түнде -22-27 градус, облыстың оңтүстігінде -30 градус, күндіз -15-20, облыстың оңтүстігінде -23 градус аяз.

Павлодар облысында күн жауын-шашынсыз. Оңтүстік-батыс жел секундына 7-12 метрді құрайды. Ауа температурасы түнде -29-34, күндіз -20-25 градус аяз. Павлодарда көшпелі бұлт жүреді, жауын-шашынсыз. Оңтүстік-батыс жел секундына 7-12 метрді құрайды. Ауа температурасы түнде -29-31, күндіз -20-22 градус аяз.

Шығыс Қазақстан облысының солтүстігінде, шығысында қар, бұрқасын күтіледі. Жел батыстан, солтүстік-батыстан соғады, түнде облыстың солтүстігінде, шығысында 15-20 м/с. Ауа температурасы түнде -25-30 градус, облыстың солтүстігінде, шығысында -33-38 градус аяз, күндіз -20-25, облыстың шығысында -28 градус аяз.

Ұлытау облысының солтүстігінде, шығысында кей уақыттарда тұман күтіледі. Шығыстан, оңтүстік-шығыстан жел соғады, күндіз облыстың солтүстігінде екпіні 15-20 м/с. Ауа температурасы түнде -29-34 градус, облыстың батысында -25, күндіз -16-21, облыстың шығысында -24 градус аяз.

Қарағанды облысының солтүстігінде, шығысында кей уақыттарда тұман күтіледі. Түнде облыстың басым бөлігінде 35-38 градус қатты аяз күтіледі. Ауа температурасы түнде қатты аяз -30-35, облыстың шығысында -38 градус, облыстың оңтүстігінде -25 аградус яз, күндіз -18-23, облыстың солтүстігінде, шығысында -27 градус аяз болады.

Қостанай облысының оңтүстігінде, шығысында тұман күтіледі. Оңтүстік-батыстан жел соғады, күндіз облыстың солтүстігінде 15-20 м/с күтіледі. Ауа температурасы түнде -20-25 градус, облыстың оңтүстігінде, шығысында -28-33 градус аяз, күндіз -12-17, облыстың оңтүстігінде, шығысында -20 градус аяз.

Қызылорда облысында жел шығыстан соғады, таңертең және күндіз облыстың орталығында екпіні 15-20 м/с күтіледі. Ауа температурасы түнде -14-19 градус, облыстың солтүстігінде -22, күндіз -7-12, облыстың оңтүстігінде -4 градус аяз.

Жамбыл облысының таулы аудандарында аздаған қар, жаяу бұрқасын күтіледі. Облыстың оңтүстігінде, таулы аудандарында тұман күтіеді. Солтүстік-шығыстан жел соғады, облыстың оңтүстік-батысында, солтүстік-шығысында, таулы аудандарында 15-20 м/с күтіледі. Тараз қ.: 24 қаңтарда кей уақыттарда тұман күтіледі. Ауа температурасы түнде -17-22, солтүстікте, облыстың таулы аудандарында -25, күндіз -8-13, солтүстікте, облыстың таулы аудандарында -16 градус аяз болады.

Түркістан облысының солтүстігінде, таулы аудандарында жаяу бұрқасын, оңтүстігінде тұман күтіледі. Шығыстан жел соғады, облыстың солтүстігінде, таулы аудандарында күші 15-20 м/с. Ауа температурасы түнде -12-17, солтүстікте, облыстың таулы аудандарында -22, облыстың оңтүстігінде -8 аяз, күндіз -2 градус, солтүстікте, облыстың таулы аудандарында -5 градус аяз.

Маңғыстау облысында оңтүстік-шығыстан жел соғады, облыстың батысында, солтүстігінде, орталығында екпіні 15-20, түнде кей уақыттарда 23 м/с күтіледі. Ақтау қ.: 24 қаңтарда оңтүстік-шығыстан жел соғады, түнде және таңертең екпіні 15-20 м/с күтіледі. Ауа температурасы түнде 0-5 градус, облыстың солтүстігінде, шығысында -8-13 градус аяз, күндіз 0-5, облыстың солтүстігінде, шығысында -3 градус суық.