Өзбекстан мен Қырғызстан тау шаңғысы курорттарын бірлесіп дамытуға келісті, деп хабарлайды Ulysmedia.kz Өзбекстан президентінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Қырғыз Республикасының Ыстықкөл облысында Орталық Азиядағы ең ірі «Үш шың» тау шаңғысы кешенінің құрылысы басталды.
МӘН-ЖАЙЫ
25 қаңтарда Ташкент іргесіндегі «Әмірсой» шипажай кешенінде Қырғызстан мен Өзбекстан президенттері бейресми кездесу өткізді. Шавкат Мирзиёевтің баспасөз қызметі хабарлағандай, тараптар Өзбекстан мен Қырғызстанның бірегей геоландшафты мен табиғи әртүрлілігін ескере отырып, курорттық-сауықтыру орталықтарын құруға бағытталған бірлескен жобаларды ілгерілетуге келіскен.
«Қырғызстан Президенті жоғары халықаралық стандарттарға сай келетін туристік шаңғы кешенінің жасалған жағдайлары мен заманауи инфрақұрылымын жоғары бағалады», - делінген баспасөз хабарламасында.
Садыр Жапаров әлеуметтік желідегі парақшасында Өзбекстан президенті баспасөз қызметінің хабарламасын растады.
«Біздің жеті облысымыздың әрқайсысында осындай тау шаңғысы курорттары болуы мүмкін еді. Бірақ бізде олардың ешқайсысы іс жүзінде жоқ. Неліктен? Өйткені тәуелсіздік алғалы қарапайым халықтан бастап президенттерге дейін тек қана саясатпен айналыстық. Бізде күнде митингі, күнде той болды. «Экономика, туризм және басқа да маңызды салалар назардан тыс қалды», деп жазды Жапаров.
Сондай-ақ ол «Әмірсой» тау шаңғысы курортына таңқалғанын жеткізді. дым.
Еске сала кетсек, бұған дейін 23 қаңтарда «Кабар» агенттігі Қырғызстанда Орталық Азиядағы ең ірі тау шаңғысы курорты «Үш шың» жобасының құрылысы 2025 жылдың мамыр айында басталатынын хабарлаған. Жоба үш кезеңнен тұрады: Жырғалаң, Бозчук және Ақ-Бұлақ.