×
446.49
475.38
4.79
#БишімбаевСоты #су тасқыны #қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
446.49
475.38
4.79

Beeline негізін қалаушы Дмитрий Зимин қайтыс болды

22.12.2021, 23:36
Фото: ашық дереккөз

«Выпелком» ұялы байланыс операторының (Beeline бренді) және «Династия» коммерциялық емес бағдарламалар қорының негізін қалаушы Дмитрий Зимин 89 жасында қайтыс болды, деп хабарлайды ulysmedia.kz.

Бұл туралы 22 желтоқсанда оның ұлы Борис Facebook парақшасында хабарлады.

«Менің әкем өмірге құштар жан болды және ұзақ өмір жолын жүріп өтті. Оған барлығы үшін: бар болғаны үшін рахмет. Қайғылы жағдай өз Отанында емес, Швейцарияда болды. Ол ақыл-есінен адаспаған, жүрегі тыныштық тапқан күйде өмірден озды. Біз үшін және өтіп кеткен өмірі үшін аздап қайғырды, бірақ бәрібір жеңілдік сезінген күйде кетті. Соңғы айларда ол қатты ауырды», - деп жазды Борис Зимин.

Ол әкесінің ұзақ уақыт бойы қатерлі ісікпен күресіп келгенін жазды.

Дмитрий Зимин ғалым, өнертапқыш, филантроп және кәсіпкер ретінде танымал. Бұған дейін ол Forbes журналының Ресейдегі ең бай кәсіпкерлері рейтингіне енгізілген. Соңғы рет ол тізімге 2005 жылы енген: кейін ол 52-орынға ие болды, оның байлығы 520 миллион долларға бағаланды.

Серіктес жаңалықтары