Атырау облысында жантүршігерлік жол апаты болды, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.
Оқиға 27 қаңтарда Ақтөбе-Атырау-Астрахань тас жолында болған.
МӘН-ЖАЙ
Ravon және Lada Priora автокөліктері дүйсенбі күні сағат 10:35-де жол апатына түскен.
- Жол апаты салдарынан екі көліктің де жүргізушісі және Lada Priora автокөлігінде отырған жолаушы қаза тапты. Бір жолаушы аудандық ауруханаға жеткізілді, дейді полицейлер.
Ravon автокөлігі жол апатынан кейін өртеніп кеткен. Бұл тергеу жұмыстарын тежеп жіберген. Lada Priora жүргізушісімен бірге анасы қаза тапқан.
ҚАУІПТІ ТАС ЖОЛ
Полицейлер оқиғаға қатысты қажетті ақпаратты жинап, апаттың нақты себептерін анықтауда. Бұл тас жолда болған алғашқы жол апаты емес.
Полиция департаментінің өкілдері жүргізушілерді аса сақ болуға, жол қозғалысы ережелерін сақтауға және ауа райы жағдайын ескеруге шақырады.