×
439.43
473.31
4.82
#БишімбаевСоты #су тасқыны #қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
439.43
473.31
4.82

Жаңа субсидия жүйесі қалай жұмыс істейтін болады?

23.12.2021, 19:15
Фото: Ашық дереккөзден

Ауыл шаруашылығы министрлігіне жаңа басшылық тағайындалғанымен де субсидиялауға қатысты дау-дамай тоқтай қойған жоқ. Осы орайда субсидиялаудың жаңа тетігінің бірінші нұсқасы туралы Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте Ауыл шаруашылығы министрі Ербол Қарашөкеев хабарлады.

Оның айтуынша, субсидиялаудың жаңа жүйесі еңбектің түпкілікті нәтижесіне бағытталмақ.

«Барлық мүдделі құрылымдармен, қоғамдық ұйымдармен, бизнес қауымдастық өкілдерімен тұрақты диалог жүргізудеміз. Көптеген ескертулер мен ұсыныстар алдық, қазіргі уақытта оларды зерделеу мен өңдеу жұмыстары қолға алынды. Пысықтау процесін әрі қарай жалғастыруды, өңірлерге шығып, талқылау ұйымдастыруды жоспарлап отырмыз. АШМ жанынан жұмыс тобы құрылды. Оған ауыл шаруашылық тауар өндірушілері, шаруашылық өкілдері де енді. Ең бастысы, субсидиялаудың жаңа жүйесі масылдық әрекетке жетелемей, ынталандырушы, өндіріс көлемін ұлғайтуға бағытталған және ішкі азық-түлік нарығының жағдайына ғана емес, жалпы ауыл шаруашылығының экспорттық әлеуетіне де оң әсер етуші болғанын қалаймыз», – деді министр.

Ал «субсидия салаларындағы өзекті мәселелерді реттеу қолыңыздан келе ме, нақты жоспар бар ма» деген журналист сауалына министр толық сенімді екенін жеткізді.

«Ауылшаруашылығы министрлігінің алдында тұрған міндет – субсидиялаудың қолжетімділігін, тиімділігін арттыру. Қойылған мерзім ішінде мақсатқа жетіп, тапсырманы орындаймыз деген толық сенімдеміз», – деді Ербол Қарашөкеев.

Серіктес жаңалықтары