×
518.14
537.57
5.27
#қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
518.14
537.57
5.27

Канада, Қытай және Мексика билігі АҚШ-қа «қарсы шабуылға шықты»

Бүгін, 12:24
Канада, Қытай және Мексика билігі АҚШ-қа «қарсы шабуылға шықты»
pixabay.com

Мексика мен Канададан кейін Бейжің де АҚШ-тың елге импортталатын Қытай өнімдеріне қосымша 10 пайыздық салық салуына наразылық білдірген мәлімдемелер жасады, деп хабарлайды  Ulysmedia.kz  Global Times-қа сілтеме жасап.

Еске сала кетсек, жуырда Трамп Канада, Қытай және Мексикадан келетін тауарларға қосымша баж салығын енгізу туралы жарлыққа қол қойған. Ресми себеп – мигранттардың көрші елдер арқылы заңсыз енуіне және тура сондай жолмен Қытайдан синтетикалық опиоидтердің ағылуына тосқауыл қою. Мексикадан келетін тауарларға белгіленген тарифтер энергия ресурстарын (10%) қоспағанда дәл Канаданыкіндей 25% болады. Қытайдан келетін тауарларға баж салығына қазірдің өзінде 10% қосылды.

Бұл жайсыз хабардан кейін Қытайдың Сауда министрлігі АҚШ-қа қарсы Дүниежүзілік сауда ұйымына шағым түсіріп, құқықтарын қорғау үшін қарсы шаралар қолданатынын мәлімдеді.

Канаданың премьер-министрі Трюдо АҚШ-тың 106,5 миллиард долларлық тауарларына 25 пайыздық баж салығын енгізетінін айтты.

«Ақ үйдің әрекеттері бізді біріктірмейді, арамызға жік салады», - деді Трюдо. Ол сондай-ақ канадалықтарды «америкалық емес, канадалық тауарлар мен қызметтерді тұтынуға» шақырды.

Мексика президенті Шейнбаум Экономика министріне қорғаныс шараларын қамтитын «В жоспарын» жүзеге асыруды тапсырған көрінеді. Оның анық-қанығы әлі белгісіз. Шейнбаум «Егер АҚШ есірткі тасымалдайтын және зорлық-зомбылық тудыратын қылмыстық топтармен күрескісі келсе» бірлесе жұмыс істеу қажет екенін атап өтті. Ал проблемалар «тарифтерді енгізу арқылы емес, келіссөздер мен диалог арқылы шешіледі».

БҰҒАН ДЕЙІН

Еске сала кетсек, АҚШ билігі шекарадағы заңсыздықтарға тойтарыс беру мақсатында және есірткі тасымалына қатаң шара ретінде Канада, Мексика және Қытай тауарларына жоғары баж салығын салатынын мәлімдеген. Трамп арнайы жарлыққа қол қойды.