×
521.6
534.27
5.25
#қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
521.6
534.27
5.25

Елдегі ең қымбат үй: Ресейлік олигарх Усмановтың вилласы Германияда сатылымға қойылды

Елдегі ең қымбат үй: Ресейлік олигарх Усмановтың вилласы Германияда сатылымға қойылды

Бавария федералды жерінде ресейлік олигарх Алишер Усманов ұзақ уақыт тұрған вилла сатылымға қойылды. Münchner Merkur газетінің мәліметінше, бұл үй Германияның қазіргі заманғы тарихындағы ең қымбат үйге айналды, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

МӘН-ЖАЙ

Газеттің мәліметінше, вилланың бастапқы бағасы 25 миллион еуро. Бұл сома Германияда жылжымайтын мүліктердің сатылымын жинақтайтын Immowelt сайтының тарихындағы ең қымбат үй  болып саналады. Интернет-портал 1996 жылдан бері жұмыс істейді.

СОТ ШЕШІМІ

Вилланы сатылымға шығарған – сот шешімі бойынша мүлікті өткізуге жауапты арбитраждық басқарушы Ульрих Крамер (Ulrich Cramer). Оның айтуынша, Баварияның Вольфратсхаузен қаласындағы аудандық сот оған Мэн аралында тіркелген офшорлық компания Tegernsee (IOM) Limited кредиторларының талаптарын қанағаттандыруды тапсырған. Бұл компания 2011 жылы вилланы 7,2 миллион еуроға сатып алған.

Крамердің айтуынша, компания төлем қабілетсіз болып шыққан, себебі оның активтері негізінен жылжымайтын мүліктен құралған, ал бұл қарыздарды өтеуге жарамайды. Сол себепті енді вилланы сатып, банкрот компанияның қарыздарын өтеу қажет.

ВИЛЛА ТУРАЛЫ

Үш қабатты вилла гаражымен бірге Тегернзее альпілік көлі жағасындағы Роттах-Эгерн ауылында орналасқан. Усманов бұл үйді Tegernsee (IOM) Limited компаниясынан аптасына 77 000 еуроға жалға алған. Münchner Merkur басылымы компанияны “құрылымдық фирма” деп атап, оның вилланы жөндеуге бірнеше миллион еуро салғанын жазады.

Крамердің мәліметінше, вилланың жалпы тұрғын алаңы 735 шаршы метр. Жоғарғы екі қабатта төрт жатын бөлмесі мен жуыну бөлмелері бар. Сонымен қатар 750 шаршы метрлік монша мен 20 метрлік бассейн қарастырылған.

Крамер вилланы сатылса, “түскен қаражат мен ашқан банкроттық процедурасына арналған шотқа түседі, ол шотқа тек менде ғана қолжетімділік бар” деп уәде етті. Ол бұл сатылымды ашық түрде емес, қызығушылық танытқан адамдар арасында “құпия маркетингтік науқан” аясында өткізбек.

Заңгер вилла алдындағы қайықтарға арналған ангарды, сондай-ақ Tegernsee (IOM) Limited компаниясына тиесілі басқа да мүліктерді сатқанын айтты. Роттах-Эгерн тұрғыны қайық ангарын шамамен 1 миллион еуроға сатып алған. Крамердің айтуынша, басқа риэлторлар компанияға тиесілі екіпәтерлік үйдің жартысына қызығушылық танытқан. Бұл ғимарат вилланың дәл қарсысында орналасқан, және бір кездері Усмановтың қызметкерлері сонда тұрған. 2018 жылы бұл объекті 2 миллион еуроға сатып алынған.