×
501.31
520.11
5.33
#қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
501.31
520.11
5.33

Қазақстанға қытайлық туристер көптеп келе бастаған

Қазақстанға қытайлық туристер көптеп келе бастаған
Ulysmedia.kz коллажы

Былтыр Қазақстанға 655 мың қытайлық турист келген. Бұл оның алдынғы жылмен салыстырғанда 78 пайызға көп, деп хабарлайды Ulusmedia.kz.

Бұл туралы Туризм және спорт министрлігінің туризм индустриясы комитетінің төрағасы Нұртас Кәріпбаев хабарлады. 

ҚЫТАЙ

2025 жылы Қазақстан ресми түрде Қытай туризм жылы деп жарияланды. Туристерді тартуға ғана емес, елдер арасындағы мәдени және іскерлік алмасуға да назар аударылады.

- Туризм жылында Қытайдан 500 мың турист тарту және туристік қызметтерді экспорттау үшін шамамен 300 миллион АҚШ доллары бөлінді, дейді комитеттің баспасөз қызметі.

Министрлік Қазақстанды Қытай нарығында ілгерілетуге және қытайлық туристік компаниялармен байланысты нығайтуға бағытталған 37 іскерлік және мәдени іс-шараны қамтитын іс-шаралардың бірыңғай жоспарын бекітті. Нәтижесінде Қазақстан қытайлық туристер арасында танымал бағыттардың рейтингінде 40-шы орыннан 29-орынға көтерілді.