×
515.31
533.96
5.3
#қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
515.31
533.96
5.3

«Marwin-Меломан» дүкендер желісінің иелері ауысты

Бүгін, 11:52
«Marwin-Меломан» дүкендер желісінің иелері ауысты
Ulysmedia коллажы

Кәсіпкер әрі мәжіліс депутаты Руслан Берденовке тиесілі AQNIET Group компаниялар тобы Қазақстандағы ең ірі "Marwin-Меломан" отбасылық дүкендер желісін сатып алғанын жариялады. Мәміле 2024 жылдың соңында жеке инвесторлардың қаражатын тарта отырып өткізілген. Мәміле нәтижесінде AQNIET Group 1500-ден астам қызметкері бар және кітаптарды, ойыншықтарды сататын желіні өзіне алады, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

AQNIET GROUP – фармацевтикалық өнімдерді ритейл және дистрибуциялау саласында белгілі компаниялар тобы. Қазақстанның ірі фармацевтикалық дистрибьютор компанияларының қатарына кіреді.

"Ақниет" ЖШС бақылау кеңесінің төрағасы олигарх Қайрат Итемгенов екені белгілі. Оның орынбасары қызметін мәжіліс депутаты Руслан Берденов атқарады. 

2025 жылы компания дүкендер ассортиментін кәдесый өнімдері мен ұлттық символикасы бар тауарларды қосып, жаңартуға ниетті. Олар "Бір ауыл – бір өнім" жобасы аясында жергілікті өндірушілермен бірлесіп осы іске кіріскелі отыр. 

Сонымен қатар, AQNIET GROUP-тың жоспары – желіні кеңейтіп, елдің танымал туристік орындарында дүкендерді ашу.

ОТАНДЫҚ ӘДЕБИЕТТІ ҚОЛДАУ   

AQNIET GROUP Қазақстан әдебиетін дамытуға және ұлттық мәдениетті насихаттауға басымдық бермек. Осы бастамалар шеңберінде компания қазақстандық авторлардың шығармаларын үш тілде шығаруды қамтамасыз ететін "off-take" келісімшарттар бағдарламасын іске қосады. Бұл отандық әдебиетті халықаралық нарықтарға шығарып, оны Букер сыйлығы мен Оңтүстік-Шығыс Азия әдеби сыйлығы (SEA Write Award) сияқты беделді конкурстар мен сыйлықтарға ұсынуға мүмкіндік береді.

Біз Қазақстан әдебиетін ілгерілетіп, басқа елдердегідей туристерді тартуға болатынына сенімдіміз. Мысалы, Орхан Памуктың романдары Ыстамбұлды танымал етті, ал Ромео мен Джульетта туралы әңгіме Веронаны махаббаттың символына айналдырды, — дейді AQNIET GROUP.

Компания өз миссиясы коммерциялық табыс қана емес, Қазақстанның мәдени дамуына қосқан үлесі екенін атап көрсетеді. AQNIET GROUP елдегі әдеби процесті белсенді қолдап, оның әлемдік мәдени контекстке интеграциялануына ықпал етуге ниетті.

Айта кетейік, бұған дейін "Меломан"/Marwin желісінің тең иесі Александр Дериглазов "Комфорт" үйіне арналған тауарлар гипермаркеттерінің, "Бірінші қазақстандық музыкалық баспа" ЖШС, Астанадағы "Арсенал" сауда-ойын-сауық кешені мен кинотеатрының желісіндегі үлестерін иеленген болатын.