Ауыл шаруашылығы министрі Айдарбек Сапаров картоп бағасы бойынша дүкендерге сұрақ барын айтты, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.
САПАРОВ НЕ ДЕЙДІ
Журналистер үкіметтің баспасөз орталығында картоп бағасы “Смол” сынды супермаркеттерде мүлде жоғалып кеткенін, ал жекелеген дүкендер бағаны 400 теңгеден асырып жібергенін, бұл мәселе неге бақылаусыз қалғанын сұраған.
Шынында, картоптың бағасын кей жерде 450 теңгеге қымбаттатып жіберіпті. Сауда министрлігімен бірге мұның мән-жайын анықтаймыз. “Смолға” қатысты айтар болсам, бұл шаруамен жеке өзім айналысып, вице-министрге тиісті тапсырманы бергенмін. Бізде картоп жеткілікті. Жанымызда тұрған Қарағанды мен Павлодарда фермерлер сатқысы келмейді. Қазірдің өзінде 4-5 КамАз картоп әкеле аламыз. Қабылдасын. 200 теңгеден де сата аламыз. 20 пайыз қосымша ақысымен ол картоп 240 теңге тұрсын. Сауда нүктелеріне байланысты расында да, сұрақтар бар. Бұл мәселемен айналысамыз, – дейді Сапаров.
Бұған дейін қазақстандықтар small супермаркетінде картоп қымбаттап байқаған болатын. Өнімнің килограмы 433 теңгеге жеткен.
Ал Астана супермаркеттерінде картоп сатуға шектеулер енгізілді. Ал жергілікті билік елордада картоп тапшылығы жоқ дейді.