×
499.76
521.7
5.63
#қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
499.76
521.7
5.63

Ғасыр ұрлығы: қылмыскерлер Deutsche Bank-тен 10 миллион еуро алып кетті

15.02.2025, 18:17
Ғасыр ұрлығы: қылмыскерлер Deutsche Bank-тен 10 миллион еуро алып кетті
Ашық дереккөздерден алынды

Германияның Любек қаласында бүкіл Еуропаны дүр сілкіндірген  банк тонау әрекеті болды. Қылмыскерлер Deutsche Bank филиалының 326 депозит ұяшығын ашып, жалпы құны 10 миллион еуро (5,2 млрд теңге) болатын қолма қол ақша, алтын және бағалы қағаздарды алып кеткен, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

ҚЫЛМЫСКЕРЛЕР ҚАУІПСІЗДІК ЖҮЙЕСІН ҚАЛАЙ АЙНАЛЫП ӨТТІ?

Белгілі болғандай, банктің сақтау камералары еш қорғалмаған.

Ғимарат ішінде бейнебақылау камералары мен қозғалыс датчиктері болмаған.

Қылмыскерлер сақтау камерасына емін-еркін кіру үшін ұяшықтарды алдын ала жалға алған. Олар ішке кірген соң банктің жабылғанын күтіп, жасырынып отырған. Осыдан кейін олар жүздеген ұяшықты кедергісіз ашып, ақша, алтын және бағалы қағаздарды сөмкеге салып алып шыққан. Ары қарай көлікке мініп, белгісіз жаққа тайып тұрған.

ҰРЫЛАР ҰСТАЛДЫ МА?

Полиция әлі күнге дейін ұрыларды тапқан жоқ, ал Deutsche Bank шығындарды өтегісі келмейді

Осы оқиған соң Deutsche Bank қауіпсіздік шараларын күшейтті: қазір клиенттер қоймада күзетшілермен бірге жүреді. Бірақ жинағын жоғалтқан азаматтарды басқа мәселе алаңдатады. Егер банк шығындарды өтеуден бас тартса, салымшылар үлкен шығынға жатады.

Мәселе банктің қателігінде емес, бұны қалай жүзеге асырды, – деді зардап шеккендердің адвокаты Юрген Хеннеман.

Қазір салымшылар банкке қарсы ұжымдық талап-арыз бермек. Ал қоғам Германиядағы ең ірі банктердің бірінде мұндай немқұрайлыққа қалай жол берілуі мүмкін деген әңгімені қызу талқылап жатыр.