Президент Жоғары аудиторлық палатаның төрағасы Әлихан Смайыловты қабылдады, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.
СМАЙЫЛОВ НЕ ДЕДІ
Смайылов жоғары аудиторлық палатаның былтыр атқарған қызметінің қорытындылары мен осы жылға арналған жоспары жөнінде мәлімет берді.
Былтыр 214 нысанда құны шамамен 11 триллион теңгені құрайтын 27 аудиторлық іс-шара өткізілгені туралы баяндады:
Құрылыс нысандарындағы баға қалыптастыру, өңдеу өнеркәсібі жобаларын қаржыландыру, ауыл шаруашылығын субсидиялау ісінде олқылықтар үнемі байқалатынын айтты:
Биыл 40-тан астам аудиторлық іс-шара өткізу жоспарланғанын жеткізді:
ТАПСЫРМА
Президент мемлекеттік аудит жүйесін жетілдіру жөніндегі жұмысты жалғастыруды тапсырды. Сонымен қатар бюджет қаржысының игерілуін тиімді бақылау үшін заманауи цифрлық шешімдерді енгізудің маңызына назар аударды.