×
498.34
519.72
4.85
#қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
498.34
519.72
4.85

Қазақстандық әуе компания Ұлыбританияға ұшуды тоқтатып отыр

Қазақстандық әуе компания Ұлыбританияға ұшуды тоқтатып отыр
Көрнекі сурет: ашық дереккөзден

Air Astana коронавирус дертінің «омикрон» штамы өршіп тұрған Ұлыбританияға рейстерді тоқтатты деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

Анығырақ айтқанда, Нұр-Сұлтаннан төтенше жағдай тәртібі енгізілген Лондон қаласына 2022 жылғы 29 қаңтар мен 5 наурыз аралығындағы рейстер күшін жойып отыр.

«Жолаушылар msc@airastana.com арқылы билетті қайта брондай немесе қаржысын толық қайтара алады», – делінген ұлттық оператор мәртебесіндегі әуе тасымалдаушысының хабарламасында.