Батыс Қазақстан облысында қар тазалау жұмыстарына 1,7 миллиард теңге бөлінген, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.
ҚАНША ҚАР ТАЗАЛАНДЫ
Бұл туралы БҚО ТЖД басшысының орынбасары Ернар Жәлелов айтты. Қазіргі таңда 440 шаршы метр қар тазаланған. Алайда Шыңғырлау, Қазталов, Ақжайық және Жанғалы ауданындағы жұмыстар әлі басталмаған.
Сонымен қатар, Жәлелов су тасқыны қаупі бар елді мекендерде қар тазалау жұмыстары толық жүргізілмей жатқанын баса айтты. Мысал ретінде Бәйтерек ауданын келтіріп, қар тек Мичурино және Переметное ауылдарының аумақтарынан шығарылатынын, ал Асан, Байқоныс, Зеленое және Дарьинское ауылдарында қар тазалау жұмыстары әлі басталмағанын атап өтті. Ал Шыңғырлау ауданында, Жәлеловтың айтуынша, ешбір елді мекенде қар тазалау жұмыстары жүргізіліп жатқан жоқ. Ол Сырым, Тасқала және Қаратөбе аудандарында белсенділіктің төмендігін атап өтті.
2024 ЖЫЛҒЫ СУ ТАСҚЫНЫ
Еске сала кетейік, былтыр көктемде Қазақстанның бірнеше аймағында үлкен су тасқыны болған. Апат салдарынан 200-ден астам елді мекен зардап шегіп,17 мың үй су астында қалған. Үкімет мәліметіне жүгінсек, тасқыннан жалпы есепте 300 млрд теңге шығын келген.