×
447.4
477.55
4.76
#БишімбаевСоты #су тасқыны #қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
447.4
477.55
4.76

Төрт мемлекет Қазақстаннан уран алуды күрт азайтты

29.12.2021, 11:21
Фото: Ашық дереккөзден

Қытай, Үндістан, Франция, Канада 2021 жылы Қазақстаннан сатып алатын уран көлемін күрт азайтты, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

Ұлттық банктің төлем балансы департаментіне қарасты сыртқы секторға талдау жасау басқармасының бастығы Меруерт Алмағамбетова осы мәселені түсіндірді. Оның айтуынша, биылғы 9 айда шет елге сатылатын уран мен газ көлемі азайып, бұл өз кезегінде тауарлар экспортын ұстап тұруға ықпал еткен. Соңғы он жылда уран қазу деңгейі бойынша әлемде алдыңғы орынға шығып отырған Қазақстанның уран экспорты 2021 жылдың 9 айында 37%-ға төмендеп кеткен. Қытайға (- 443 млн АҚШ доллары), Үндістанға (- 74 млн АҚШ доллары), Франция (- 11 млн АҚШ доллары) мен Канадаға (- 6 млн АҚШ доллары) экспортталатын радиоактивті элементтер көлемі азайған соң, уран мен газ экспорты да осындай көзге көрінетін деңгейде қысқарған.

«Осылайша, қазіргі таңда Қазақстан уранын Ресей мемлекеті сатып алып отыр (+23,8 млн АҚШ доллары), уран экспортындағы Ресейдің үлесі 21%-дан 37%-ға дейін өсті. Сондай-ақ, газ экспортының азаюындағы тағы бір себеп – елімізде газға деген ішкі сұраныстың артуы болды. Әсіресе, Қытайға экспортталатын газ көлемі едәуір азайған, сондай-ақ, Швейцария, Украина, Ауғанстан мен Германияға да шығатын экспорт азайып отыр», - дейді ол.

Серіктес жаңалықтары