×
494.84
537.4
5.58
#қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
494.84
537.4
5.58

Жансақтау бөлімінде: Ақтауда құбыр жарылып бала күйіп қалды

05.03.2025, 19:30
Жансақтау бөлімінде: Ақтауда құбыр жарылып бала күйіп қалды
фото: lada.kz

Ақтауда дәрігерлер жылу жүйесінің жарылуы салдарынан күйіп қалған баланың жағдайы туралы айтты, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

Оқиға 2025 жылдың 4 наурызында Ақтау қаласындағы 15-ықшамауданда болған. 2014 жылы туған бала аяғы тайып, бұзылған құбырдан аққан ыстық суға құлаған. Коммуналдық қызметтер жарылыс туралы осы оқиғадан соң ғана алған.

«Бала екі жамбасы, аяқтары мен балтырлары күйіп қалған. Дене күйігінің аумағы 30%-ды құрайды. Оның жағдайы алған күйік жарақаты салдарынан ауыр. Есін білгенімен, мазасыздық байқалады. Қазіргі уақытта ол реанимация бөлімінде ем қабылдап жатыр. Жүрек соғысы мен тыныс алуы тұрақты. Травматологтармен бірге күйік жараларын хирургиялық өңдеу жүргізілді»,- деп хабарлады  Маңғыстау облыстық көп бейінді балалар ауруханасы.

Әзірге бала жансақтау бөлімінде қалады.