×
496.71
531.33
5.55
#қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
496.71
531.33
5.55

Мәжіліс депутаттары ҚҚС шегін төмендетуді ұсынды

Мәжіліс депутаттары ҚҚС шегін төмендетуді ұсынды
Ulysmedia.kz коллажы

Мәжіліс депутаты Азат Перуашевтің айтуынша, “Ақ жол” фракциясының депутаттары ҚҚС шегін төмендету туралы ұсыныс білдірген, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

МӘН-ЖАЙ

- Бүгін мәжілістің жұмыс тобы “Ақ жол” фракциясының ҚҚС шегін 20 мың АЕК (78 млн теңге) деңгейінде белгілеу жөніндегі түзетуін үкіметтің қарауына жолдады. Бұл түзету үкіметтің бұл шекті 3800 АЕК-ке (15 млн теңге) дейін төмендету туралы ұсынысына жауап ретінде енгізілді, деп мәлімдеді “Ақ жол” демократиялық партиясының төрағасы, мәжіліс депутаты Азат Перуашев.

БҰҒАН ДЕЙІН

Еске сала кетсек, Үкіметтің экономикалық блогы сарапшылар тобымен бірлесіп, бюджет-салық және тариф саясаты реформалары бойынша жаңа тәсілдер әзірлеп жатқанын хабарлағанбыз. 

Сондай-ақ бизнесвумен, Салық альянсының мүшесі Жанар Сүлейменова Қазақстан үкіметінің ҚҚС ставкасын 20 пайызға дейін көтеру туралы ұсынысына үн қатып, бастамаға қарсылық білдірді. 

Экономикалық даулар саласындағы адвокат, бұрынғы салық кеңесшісі Жангелді Сүлейманов те Үкіметтің Қазақстанда қосылған құн салығы (ҚҚС) ставкасын 20 пайызға дейін көтеру идеясымен келіспейтінін жеткізді. Кейін үкімет бұл салықты 16 пайыз болатынын айтты.