×
447.4
477.55
4.76
#БишімбаевСоты #су тасқыны #қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
447.4
477.55
4.76

«Голос России»: Қазақстанның екі әншісіне де бас жүлде бұйырмады

31.12.2021, 08:42
Фото: Ашық дереккөзден

Қазақстандықтардан басып озған қырғызстандық «Голос России» жобасының жеңімпазды атанды, деп хабарлайды Ulysmedia.kz порталы.

Финалда Александр Градскийдің командасынан қазақстандық Әлішер Кәрімов, Дима Биланның командасынан тағы бір әншіміз Ернар Садырбаев, Пелагеяның командасынан қырғызстандық Александр Волкодав пен Леонид Агутиннің командасынан ресейлік Элина Пан өнер көрсеткен болатын.

Әр әнші өзінің тәлімгерімен бірге ән салған. Атап айтқанда, Элина Пан Леонид Агутинмен «Включите свет» әнін шырқады. Ал одан кейін сахна төріне шыққан Ернар Садырбаев Дима Биланмен «Ты должна рядом быть» әнін орындады. Үшінші дуэтті Пелагеямен бірге Александр Волкодав шырқап, ағылшын тіліндегі «Игра» әнін салды. Осыдан кейін экрандағы Градскийдің видеожазбасымен Әлішер Кәрімов әнін орындап, жұртты тәнті етті.

Конкурс қорытындысы бойынша Александр Волкодав жеңімпаз деп танылды.

Серіктес жаңалықтары