×
445.66
474.58
4.78
#БишімбаевСоты #су тасқыны #қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
445.66
474.58
4.78

Қазақстанда баспана қаншалықты қымбаттады

31.12.2021, 11:01
Фото: Ашық дереккөзден

Қарашада Қазақстанда тұрғын үй бағасы 0,6%-ға өсіп, шаршы метріне 354,7 мың теңгені құрады. Қайталама нарықтағы баға өз кезегінде айына 1,1% өсіп, шаршы метрге 282,3 мың теңгеге жетті, деп хабарлайды Ulysmedia.kz порталы Ranking.kz ақпарат көзіне сілтеме жасап.

Бір жыл ішінде жаңа тұрғын үй нарығында бағаның өсуі 15,2%, қайталама тұрғын үй нарығында 23,1% құрады.

«Жалпы, жылжымайтын мүлік бағасының көтерілуі – әлемдік үрдіс. Мәселен, Қазақстанда биылғы екінші тоқсанының соңында жаңа тұрғын үй бағасының өсімі бір жыл ішінде 11,2% қымбаттаса, Түркияда 33%, (Еуростат мәліметтері бойынша) Чехияда – 14,7%, Литвада – 12,5%, Эстонияда – 11,9% өскен. Қазақстанға қарағанда жаңа пәтерлердің қымбаттауы Люксембург пен Нидерландыда да байқалды», - дейді мамандар.

Сонымен қатар, Португалия мен Германиядағы жаңа пәтерлердің бағасы 7%-8%-ға өскен. Бұл ретте Қазақстанда экономикадағы инфляцияға қарсы қысымның сақталуы аясында (инфляция қазанда – 8,9%, қарашада – 8,7%, нысаналы дәліз 4% -6%), реттеуші Ұлттық банк базалық мөлшерлемені жылдық 9,75%-ға дейін көтерді.

«Осының аясында Қазақстандағы жылжымайтын мүлік бағасының өсуі әлемдік трендтерге қарағанда аса жоғары емес. Қалалардағы бағаның өсуі де салыстырмалы түрде төмен. Сонымен, «Knight Frank» ЖШС сарапшыларының пікірінше, шолуда қарастырылған әлемнің 150 ірі қаласының 9-ында үшінші тоқсанда баспананың орташа құны үштен бірінен астамға өскен. Қазақстанның ірі қалаларында үшінші тоқсанның қорытындысы бойынша жаңа тұрғын үй бағасының жылдық өсімі Алматыда 13%, Нұр-Сұлтанда 15,6%, Шымкентте 16,8% құрады», - делінген зерттеуде.

Серіктес жаңалықтары