×
495.2
522.34
4.94
#қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
495.2
522.34
4.94

Аяжан Еділованың өлімі: Сот үкім шығарды

31.12.2021, 13:28
Аяжан Еділованың өлімі: Сот үкім шығарды
Фото: Ашық дереккөзден

Алматының қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық соты 19 жастағы Аяжан Еділованың ісіне қатысты үкім шығарды, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

Сот сотталушы Рахманберді Төребековті кінәлі деп танып, 25 жылға бас бостандығынан айырды.

Еске салайық, Аяжан Еділованың денесі 19 наурызда табылған болатын. Күдікті дереу қамауға алынған. Ол жәбірленушімен бірге кіре берістегі бейнебақылау камераларына түсіп қалған. Кісі өлтірді деген күдіктінің 1993 жылы туылғаны және Түркістан облысында тұратыны хабарланды. Оған 120 (зорлау) және 99 (кісі өлтіру) баптары бойынша айып тағылды.

4 желтоқсанда Алматыда Аяжан Еділованың өліміне қатысты екінші сот отырысы өтті. Сотталушы зорлады деген айыппен келіспеді.