×
502.83
545.37
5.95
#қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
502.83
545.37
5.95

Жемқорлардан тағы 33 млрд теңге қайтарылды: ол не үшін жұмсалады

Жемқорлардан тағы 33 млрд теңге қайтарылды: ол не үшін жұмсалады
Ulysmedia.kz коллажы

Өскемендегі Гематология орталығы құрылысына 33,6 млрд теңге бөлінді, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

Өскемендегі Гематология орталығын жеделдетіп пайдалануға беру үшін арнаулы мемлекеттік қордан 33,6 млрд теңге бөлінді.

МЕКЕМЕ ТУРАЛЫ

Медицина мекемесінде екі корпус: 148 орындық стационар және клиника науқастарына арналған 24 орындық қонақ үй қарастырылған. Бас ғимаратта заманауи медициналық құрал-жабдықтармен қамтылған зертханалар, сәулелік диагностика, кардиология, кардиохирургия, гематология, сүйек кемігін трансплантациялау және күрделі соматика бөлімшелері орналастырылады. Жаңа орталық науқастар емдеу мен оңалтудың озық әдістеріне қол жеткізуге мүмкіндік береді.

ЖОБАНЫҢ ҚҰНЫ

Жобаның жалпы құны – 71,3 млрд теңге. Бүгінде нысанның 78%-ы аяқталған. Ғимараттың қаңқасы тұрғызылып, сыртқы инженерлік желілер тартылған, шатыр, қасбеті, терезе блоктары дайындалып, ішкі әрлеу жұмыстары ішінара аяқталған.

2024 жылдың қорытындысы бойынша «Ауылда денсаулық сақтауды жаңғырту» ұлттық жобасы аясында 361 алғашқы медициналық-санитариялық көмек көрсету нысанының құрылысы аяқталды. 

ТАҒЫ НЕ ҮШІН АҚША БӨЛІНГЕН

Бүгінде Үкімет әлеуметтік маңызы бар нысандар құрылысына Арнаулы мемлекеттік қордан қаражат бөлді. Олардың қатарында 7 мектеп, оның ішінде бір музыка мектебі, 2 спорт кешені, стадион, көпсалалы аурухана кешені, облыстық жедел жәрдем стансасы, Арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсету орталығы, жатақхана, 2 балабақша бар. Бұдан бөлек, қаражат Қызылорда облысының Арал ауданындағы сумен жабдықтау жүйелерін салу және жаңғыртуға бағытталды.