×
502.83
545.37
5.95
#қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
502.83
545.37
5.95

АҚШ Трамптың тұсында Ресейге салынған санкцияларды бақылауды әлсіретті

Бүгін, 17:48
АҚШ Трамптың тұсында Ресейге салынған санкцияларды бақылауды әлсіретті
Fotolia

АҚШ Ресейге қарсы санкцияларды айналып өтуді тоқтату жөніндегі жұмыс топтарына белсенді қатыспады, деп жазады Ulysmedia.kz.

АҚШ Ресейге салынған санкцияларға бақылауды әлсіретіп, Батыстың жаңа шектеу шараларын енгізу бойынша күш-жігеріне қатысуын азайтты, деп хабарлайды Bloomberg. Басылымның мәліметінше, бұл өзгерістер АҚШ-тың Дональд Трамп әкімшілігі жүргізіп отырған Украинадағы қақтығысты реттеу әрекеттеріне байланысты.

АҚШ өкілдері санкцияларды айналып өтуге жол бермеу жөніндегі жұмыс топтарына белсенді қатыспаған. Атап айтқанда, қару-жарақ өндірісінде қолданылатын қосалқы бөлшектер мен жабдықтардың жеткізілімін шектеу және ресейлік мұнай бағасының шекті деңгейін бақылау жөніндегі топтарда америкалықтар "негізінен әрекетсіз" қалған.

Сонымен қатар, Bloomberg деректеріне сүйенсек, АҚШ Ресейге қарсы жаңа санкцияларды әзірлеу және енгізу бойынша Батыстың күш-жігеріне де қатысуын азайтқан.

Айта кетейік, бұған дейін АҚШ-тың Украина мен Ресей арасында "жанама келіссөздер" ұйымдастырып жатқаны туралы хабарланған болатын.