×
502.83
545.37
5.95
#қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
502.83
545.37
5.95

Түркия дүрбелеңі: наразылықтың соңы вандализмге ұласты

24.03.2025, 17:38
Түркия дүрбелеңі: наразылықтың соңы вандализмге ұласты
Видеодан алынған кадр

Ыстамбұлдағы наразылық акциясы өршіп, вандализмге ұласа бастады, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

 

ТОЛЫҒЫРАҚ

Түркиядағы жаппай наразылықтың жалғасып жатқанынан міне бесінші күн болды. Көшеге шыққан адамдар полицияға қарсылық көрсетумен шектелмей мешіттер мен зираттарды қиратуға кіріскен.

Ыстамбұлдағы Сарачане ауданында Экрем Имамоғлының қамауға алынуына байланысты өткен наразылықтар кезінде вандалдар Шехзадебашы мешіті мен оған іргелес орналасқан зиратты бүлдірген.

Аудан губернаторы Давут Гюлдің айтуынша, наразылық білдірушілер мешіт ауласында алкогольді ішімдік ішіп, бөтелкелерін шашып, қабырғаға дәрет сындырған. Мешіт жанындағы зираттың құлпытастарын құлатқан.

Мешітті ерекше құрметтеп, зиратты қорлауға жол бермейтін түрік халқы үшін бұл оқтиға төбеден жай түскендей әсер етті. Вандалдардың әрекетін көпшілігі айыптады.