Прокурорлар экстремистік, террористік сипаттағы ақпарат, жасөспірімдер суицидін және балаларға қатысты зорлық-зомбылық әрекеттерін насихаттауды таратқан топтарын анықтады, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.
ТЕЛЕГРАМ
«PANIC PETRO» Telegram-арнасында кәмелетке толмағандардың ар-намысы мен қадір-қасиетіне нұқсан келтіретін посттар, сондай-ақ жыныстық сипаттағы бейнероликтер орналастырылған.
«Кибернадзор» ақпараттық жүйесі арқылы қабылданған шаралармен аталған топтарға кіру бұғатталған.
Облыс прокуратурасы жыл басынан бері құқыққа қайшы контенті бар барлығы 81 топқа тосқауыл қойды.