Қазавтожолдың мәліметінше жолдардың жабылуына еріген қар суы себеп болған, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.
ЖОЛ ЖАБЫҚ
2025 жылғы 26 наурыз сағат 18:00 жағдай бойынша еріген қар сулардың салдарынан 3 облыстағы 3 республикалық маңызы бар автомобиль жолдарында көлік қозғалысына шектеу қойылдыған.
Ақтөбе облысы: «Қандыағаш - Ембі- Шалқар - Ырғыз» автожолының 3-92 шақырым аралығы (Қандыағаш қаласы - Ембі қаласы).
Қостанай облысы: Қазақстан мен Ресей арасындағы бейтарап территориядағы Мариновка ауылына жақын аймақта (РФ шекарасы).
Солтүстік Қазақстан облысы: «Петропавл қаласының айналма жолы» автожолының 4-7 шақырымы аралығында (Қожаберген жырау айналма жолынан Есіл өзені арқылы өтетін көпірге дейін).
Жолдарды күтіп-ұстауға 629 арнайы техника мен 1860 маман жұмылдырылған.