×
494.87
520.65
4.91
#қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
494.87
520.65
4.91

Маңғыстау облысында үкіметтік комиссия жұмысын бастады

04.01.2022, 13:15
Маңғыстау облысында үкіметтік комиссия жұмысын бастады
Фото: Ашық дереккөзден

Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың тапсырмасы бойынша премьер-министр құрған үкіметтік комиссия өңірге келіп, өз жұмысын бастады, деп хабарлайды Ulysmedia.kz порталы ПМ баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Премьер-министрдің орынбасары Ералы Тоғжановтың төрағалығымен отырыс өтіп, оған президент әкімшілігінің, энергетика министрлігінің, бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігінің, жергілікті атқарушы органдардың, «ҚазМұнайГаз» ҰК АҚ-ның өкілдері және басқа да мүдделі тараптар қатысты.

Комиссия барлық тараптарды қанағаттандыратын өзара қолайлы шешім қабылдау үшін өзекті мәселелерді жан-жақты және жүйелі түрде қарайды.

Комиссия құрамында үкімет басшысының орынбасары Ералы Тоғжанов, энергетика министрі Мағзұм Мырзағалиев және бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігінің төрағасы Серік Жұманғарин, Маңғыстау облысының әкімі Нұрлан Ноғаев пен президенттің көмекшісі Ерлан Қарин бар.

Айта кетсек Жаңаөзен қаласында 2022 жылдың 1 қаңтарынан бастап газ бағасы 120 теңгеге дейін көтерілді. Қала тұрғындары газ бағасын 50-60 теңгеге дейін төмендетуді талап етіп, түні бойы алаңда болды. Жиналғандардың алдына облыс әкімі Нұрлан Ноғаев шыққанымен, халықты тарата алмады.

Ал маңғыстаулықтардың ереуіліне басқа облыстар да қосыла бастады.