×
503.15
543.3
5.93
#қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
503.15
543.3
5.93

«Өте қорқынышты болды»: Пхукетте жарылған катерде болған қазақстандықтар көмек сұрады

01.04.2025, 22:30
«Өте қорқынышты болды»: Пхукетте жарылған катерде болған қазақстандықтар көмек сұрады
Әлеуметтік желіден

Олар әлеуметтік желіде видео жариялап тіпті құжаттарының да жанып кеткенін айтып көмек сұрады, деп хабарлайды Ulysmedia.kz

“БАСТЫСЫ АМАНБЫЗ...”

Видеоны желідегі парақшасына Бақытгүл Байкен есімді азамат жариялаған. 

“Бізде қорқыныншты жағдай болды. Бүгін он екі турлық островқа баратын тур алғанбыз. Страховкалары бәрі бар дейді. Бір өкінішті жері біздің документтеріміз жанып кетіп жатыр. Менің телефоным біраз заттарымыз жанып кетті. Білетін азаматтарға көмектесулеріңізді сұраймын. Әр қазағым жалғызым дейді ғой. Өмірімде бұндай болады деп ойлаған жоқпын. Осындай болып қалды. Өте қорқынышты болды. Бірінші сәуір ешкімге сенбе, күлкі күні дейді ғой. Бізде күлетін жағдай емес. Ең бастысы аманбыз” – дейді видеодағы азамат. 

ОҚИҒА ТУРАЛЫ

Бұған дейін Пхукет провинциясындағы Майтон аралы маңында туристер мінген катер жарылып кеткенін, бортта Қазақстаннан барған демалушылар да болғанын хабарлаған едік. 

Өрт тұтанған кезде катерде үш адам – капитан мен екі экипаж мүшесі болған. Кейбір туристер бұл сәтте теңізде жүзіп жүрген. Bangkok post мәліметінше, катерде Қазақстан мен Ресейден келген туристер болған. Жалпы катер бортында 31 адам болған.

СІМ НЕ ДЕЙДІ

СІМ мәліметінше, катердегі жолаушылардың арасында Қазақстанның 4 азаматы болды.