×
444.22
476.38
4.82
#БишімбаевСоты #су тасқыны #қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
444.22
476.38
4.82

Банктер қалыпты жұмыс істеп тұр, қолма-қол ақша бар

Көрнекі сурет: ашық дереккөзден

Қазақстан Республикасының Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі мен Қазақстан Ұлттық банкі барлық қаржы ұйымдарының, соның ішінде екінші деңгейлі банктердің штаттық режимде жұмыс істеп жатқанын мәлімдеді деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

«Екінші деңгейлі банктердің барлық банктік қызметтері – жалақы мен зейнетақыны, жәрдемақыларды есептеу және алу, оларды банкоматтар арқылы шешу секілді банк қызметтері үздіксіз жұмыс істеп тұр. Қаржы ұйымдарына тиесілі банкоматтар мен терминалдар қолма-қол ақшамен толық қамтамасыз етілген», – дейді аталған құзырлы тараптар.

Қазіргі уақытта интернет желісіндегі жалпы іркілістерге байланысты банк қосымшалары мен төлем терминалдарының жұмысында уақытша кідіріс барын келтірген Ұлттық банк пен агенттік әлеуметтік желілер мен мессенджерлерде тарап жатқан – несиелерді есептен шығару туралы ақпараттың шындыққа сәйкес келмейтінін ресми түрде жеткізеді.

Серіктес жаңалықтары