×
518.21
590.09
6.3
#қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
518.21
590.09
6.3

Ердоғанға қарсы: Имамоглуға 7 жыл түрме қаупі төніп тұр

11.04.2025, 21:10
Ердоғанға қарсы: Имамоглуға 7 жыл түрме қаупі төніп тұр
Ашық дереккөзден

Түркияның Стамбул қаласының бұрынғы мэрі, оппозициялық саясаткер Экрем Имамоглу 11 сәуір күні алғаш рет сот алдына шықты. Оған қаланың бас прокурорын қорлап, қоқан-лоққы жасады деген айып тағылып отыр. Reuters агенттігінің мәліметінше, бұл іс бойынша Имамоглуға жеті жыл төрт айға дейін бас бостандығынан айырылу қаупі төніп тұр, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

"МЕН САЯСИ ҚУҒЫНДАУ ҚҰРБАНЫМЫН" — ИМАМОГЛУ СОТТА

Сот отырысында Имамоглу тағылған айыптарды мойындамай, бұл істің саяси астары бар екенін айтты. "Мен мұнда үш рет сайлауда жеңіске жеткенім үшін келіп отырмын. Мен — 86 миллион түрік халқының жүрегіндегі президентпін", — деді ол. Келесі сот отырысы 16 маусымға жоспарланған.

ИМАМОГЛУДЫҢ ТҰТҚЫНДАЛУЫ — ПРЕЗИДЕНТТІККЕ ҮМІТКЕР БОЛАР АЛДЫНДА

Экрем Имамоглу — Түркия президенті Режеп Тайып Ердоғанның басты саяси қарсыласы саналады. Ол 19 наурызда пара алу және қылмыстық топты басқару күдігімен ұсталды. Anadolu мемлекеттік агенттігі хабарлағандай, саясаткерге терроризмге қатысы бар деген күдікпен тергеу басталған. Оның ішінде, Имамоглуға Түркияда тыйым салынған Күрд жұмысшы партиясын қолдады деген айып тағылған.

ПРЕЗИДЕНТТІККЕ КАНДИДАТ РЕТІНДЕ ҰСЫНЫЛДЫ

23 наурыз күні таңертең сот шешімімен Имамоглу қамауға алынды. Сол күні Түркияның басты оппозициялық күші — Халық-республикалық партиясы (НРП) оны президенттікке ресми үміткер ретінде ұсынды. Праймериз нәтижесінде 13,2 миллион азамат — барлық тіркелген сайлаушылардың шамамен 20 пайызы — оны қолдады.

ТҮРКИЯДА 2013 ЖЫЛДАН БЕРГІ ЕҢ ІРІ НАРАЗЫЛЫҚ ТОЛҚЫНЫ

AFP агенттігі хабарлағандай, Имамоглуға қарсы қудалау 2013 жылдан бергі ең ірі наразылық акцияларын тудырды. Reuters дерегі бойынша, экс-мэрдің қамауға алынған алғашқы 10 күнінде ел бойынша 220-ға жуық қолдау шеруі өткен.

Серіктес жаңалықтары