×
521.9
593.5
6.39
#қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
521.9
593.5
6.39

Ақтауда 7-сынып оқушысы қауіпті ойын ойнап, есінен танып құлаған

Ақтауда 7-сынып оқушысы қауіпті ойын ойнап, есінен танып құлаған
Видео кадры

Ақтауда 7-сынып оқушылары қауіпті ойын ойнап, оқушы қыз есінен танып құлаған, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

Оқиға 18 сәуір күні Ақтау қаласындағы №33 жалпы білім беретін мектепте болған. Әлеуметтік желіде тараған видеодан үш қыз әуелі бір қызды қабырғаға тақап, артынша итеріп тұрғанын көруге болады. Артынша оқушы қыз есінен танып, құлап түседі. 

БІЛІМ БӨЛІМІ НЕ ДЕЙДІ

Ақтау қаласы бойынша білім бөлімінің мәліметінше, 33 шағын ауданда орналасқан №33 жалпы білім беретін мектепте қыздар әжетханасында 7 сынып оқушысын өкпе тұсынан қысу арқылы талдыру фактісі болған.

- Оқиғаға қатысы бар барлық оқушылар туралы Ақтау қалалық полиция департаментінің кәмелетке толмағандар ісі жөніндегі инспекторына хабарланып, жасөспірімдер және олардың ата-аналарымен профилактикалық психологиялық жұмыстар жүргізілді, дейді білім бөлімінің өкілдері. 

Серіктес жаңалықтары