×
515.03
584.82
6.24
#қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
515.03
584.82
6.24

Серік Шәріптің сүйіктісі актердің Елікбаевқа берген сұхбатына пікір білдірді

Серік Шәріптің сүйіктісі актердің Елікбаевқа берген сұхбатына пікір білдірді
Ulysmedia.kz коллажы

Актёр Серік Шәріптің (Шакенти) әрекеттерінен зардап шеккен блогер Әлия Бутеева пиар-маман Әлішер Елікбаевтың актерден алған сұхбатына қатысты пікір білдірді, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

НЕ БОЛҒАН ЕДІ

Сәуір айының басында Әлия Бутеева бұрынғы жігіті Серік Шәріптің лифт ішіндегі агрессиялық әрекеті түсіп қалған видеоны жариялады. Бұл интернетте қызу талқыланып, көпшілік актерге қарсы шығып, бірқатар медиа жобалар онымен серіктестіктен бас тартты.

Біраз уақыттан кейін белгілі PR-маман Әлішер Елікбаев Серік Шәріппен сұхбат жүргізіп, оны әлеуметтік желіге жариялады. Бұл көпшіліктің наразылығын туғызып, Елікбаевтың жазбаларына сын көбейді. 

“ӨЗ-ӨЗІМЕ ЕНДІ КЕЛЕ БАСТАДЫМ”

Осы жағдайға байланысты Әлия Бутеева Instagram-да пікір білдірді. 

– Мен бұл адамдардың арандатуына жауап бергім келмеді. Бірақ бұл тек маған қатысты емес, бұл – әйелдерді қорлау. Олар күліп отыр. Бұл сұмдық. Мен өзіме әрең келе бастадым, ал олар күліп отыр... , дейді Әлия.

Сонымен қатар Бутеева бірнеше жыл бұрын әкесінен айырылғанын айтып, өзін ерекше әлсіз сезініп жүргенін жасырмады.

– Осы күнге дейін мен әкемнің өлімін толық қабылдай алмадым. Бірақ мына жағдай мені бір шындықпен бетпе-бет әкелді: мен өзімді өзім ғана қорғай аламын. Әкем енді келмейді, енді мені ешкім қорғамайды. Бұл – ащы шындық, бірақ шындық. Әкемнің жоқ екенін енді түсіндім...

ЕЛІКБАЕВТЫҢ СҰХБАТЫ

Еске салайық, қазақстандық танымал PR-маман, блогер Әлішер Елікбаев актер Серік Шәріптен алған сұхбатынан кейін әлеуметтік желіде сынның астында қалған болатын. Бұл сұхбат Қазнет қолданушылары арасында әртүрлі реакция туғызды. Threads желісінде Елікбаевқа қатысты сын пікірлер қарша жауды. Белгілі блогер Нағима Ахметова (Нағимуша) Елікбаевты “агрессордың әрекетін заңдастырып отыр” деп айыптады.

ШӘКЕНТИ ДАУЫ

Еске салайық, сәуір айының басында блогер Әлия Бөтеева Серік Шәріптің агрессиялық әрекеті туралы айтып, видео да жариялады.

Бұл оқиға қоғамда үлкен резонанс тудырып, актерге қатысты cancel culture мәдениеті басталды. Salem Entertainment медиакомпаниясы онымен барлық ынтымақтастықты тоқтатып, актерді қара тізімге енгізді.

Серіктес жаңалықтары