×
514.5
582.67
6.35
#қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
514.5
582.67
6.35

Вьетнам басшысы қазақ баласының тұсауын кесті

Вьетнам басшысы қазақ баласының тұсауын кесті
Фото: ҰОК

Вьетнам Коммунистік партиясы Орталық комитетінің Бас хатшысы То Лам қазақ баласының тұсауын кесті, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

ТОЛЫҒЫРАҚ

Вьетнам басшысы То Лам «Этноауылда» cәбидің тұсауын кесіп, оның өмірлік жолы ашық болуына тілектестік білдірді. 

ЭТНОАУЫЛ

Бүгін президент Қасым-Жомарт Тоқаев пен То Лам «Этноауыл» көрмесін аралады. 

Астанаға мемлекеттік сапармен келген Вьетнам Коммунистік партиясы Орталық комитетінің Бас хатшысы То Лам қазақ халқының мәдени мұрасын таныстыратын «Этноауыл» көрмесіне барды. 

Мәртебелі меймандар төл тарихымызды танытатын, соның ішінде ұлтымыздың киім үлгілері, қолөнері, әдет-ғұрпы мен саятшылық дәстүрі, музыкалық аспаптары, кескіндемесі және халық ойындары көрсетілген бірнеше тақырыптық аймақты тамашалады. Экспозицияның әр бөлігі дала өркениетінің ерекшеліктерін паш етеді. 

Серіктес жаңалықтары