×
447.89
476.78
4.79
#БишімбаевСоты #су тасқыны #қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
447.89
476.78
4.79

Қазақстан күнбағыс, картоп пен сәбіз экспортына шектеу қойды

18.01.2022, 09:10
Фото: Ашық дереккөзден

Ауыл шаруашылығы министрі Ербол Қарашөкеевтің айтуынша, бұл шара азық-түліктің қолжетімділігін қамтамасыз етіп, бағаны тұрақтандыру үшін қолға алынған, деп хабарлайды ulysmedia.kz.

Әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларының нақты қолжетімділігін қамтамасыз ету мен бағаны тұрақтандыру мақсатында  АШМ тауарлар экспортын тарифтік емес реттеу шараларын қабылдаған. Олар:

2022 жылғы 1 шілдеге дейінгі мерзімге күнбағыс пен күнбағыс майы экспортына сандық шектеулер;

3 ай мерзімге картоп пен сәбіз экспортына тыйым салу;

Ірі қара мал мен ұсақ малды 6 ай мерзімге шығаруға тыйым салу;

Жем-шөп шығаруға тыйым салынады.

«Маусымаралық кезеңде импорттық жеміс-көкөніс өнімдерін жеткізуді ұйымдастыру мүмкіндігі пысықталып жатыр», - деді Ербол Қарашөкеев үкіметтің бүгінгі отырысында.

Серіктес жаңалықтары