×
447.4
477.55
4.76
#БишімбаевСоты #су тасқыны #қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
447.4
477.55
4.76

Қазақстандықтар Мальдив аралдарында 30 күн визасыз жүре алады

24.01.2022, 10:48
Фото: ашық дереккөз

ҚР Сыртқы істер министрлігі ҚР Үкіметі мен Мальдив Республикасының Үкіметі арасындағы визалық талаптардан өзара босату туралы келісім жобасын дайындады, деп хабарлайды ulysmedia.kz.

Құжатқа сәйкес, жарамды жол жүру құжаттарының иелері екінші тарап мемлекетінің аумағына бір реттік немесе көп реттік кіруге, шығуға, транзитпен өтуге, олар келген күннен бастап күнтізбелік 30 күннен аспайтын мерзімге уақытша болуға визалық талаптардан босатылады.

Алайда, 30 күнтізбелік күннен астам мерзімге іскерлік мақсатпен, жұмысқа орналасу немесе оқу үшін келгендер мемлекеттің заңнамасына сәйкес талап етілетін тиісті визаны алуы керек.

Қазақстан Республикасының жарамды жол жүру құжаттары:

  1. дипломатиялық паспорт;
  2. ресми төлқұжат;
  3. Қазақстан Республикасы азаматының төлқұжаты;
  4. қайтару сертификаты.

Келісім жобасы 4 ақпанға дейін қоғамдық талқылау үшін «Ашық НҚА» сайтында орналастырылған.

Серіктес жаңалықтары