Сәнді де мәнді той болды: Димаш Құдайбергеннің туған қарындасы ұзатылды

Сырым Қаржас
әлеуметтік желі

Қазақстандық танымал әнші Димаш Құдайбергеннің қарындасы – Раушан Құдайберген тұрмысқа шығып жатыр, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

ТОЛЫҒЫРАҚ

Бұл туралы ол Instagram-дағы парақшасында хабарлады.

Раушан Құдайберген желіге “Үлкендерден бата алу тойынан естелік суреттер” деген жазбамен бірнеше фотосурет жүктеген. Кадрлардан оның ата-анасы – Қанат және Света Құдайбергеновтер, сондай-ақ қалыңдық пен күйеу жігіттің бірге тұрған сәттерін көруге болады.

ШЕТЕЛДЕН КЕЛГЕН ҚОНАҚТАР

“Жібек Жолы” телеарнасының директоры Еркежан Күнтуғанның желідегі жазбасына қарағанда, тойға Еуропадан, Қытайдан, Ресейден қонақтар келген.

– Қанат аға мен Света апай әдемі той жасады. Сәнді де, мәнді той болды! 1045 тілексіз, көп сөзсіз, бос қалжыңсыз, тек қазақтың биі, күйі, сүбелі сөзі болды. Еуропадан, Қытайдан, Ресейден қонақтар келді. Дәстүр мен талғам үндескен той болды, – деп жазды ол.

Құттықтаушылар арасында Димаштың өзі әзірше көзге түспесе де, желі қолданушылары жас жұбайларға ақ тілегін жаудырып жатыр.

КҮЙЕУ ЖІГІТ КІМ?

Ермахан Аймахан – актер. 2000 жылы дүниеге келген. Т.Жүргенов атындағы қазақ ұлттық өнер академиясының түлегі. “Музыкалық жас көрермен” театрында қызмет етеді. 

ҚҰДАЙБЕРГЕНОВТЕР ӘУЛЕТІ

Құдайбергеновтер отбасы – шығармашылығымен елге танылған әулет. Қанат Айтбаев – әнші, продюсер әрі ұлы Димаштың алғашқы ұстазы, ал Света Айтбаева – белгілі мәдениет қайраткері.

Димаш Құдайберген бүгінде әлемдік аренада Қазақстан атын танытып жүрген дарынды вокалист, Қазақстанның және Қырғызстанның халық әртісі.