Алматыда әлемнің 25 елінен келген саясат, бизнес, ғылым және мәдениет өкілдері бас қосты. Be Woman Asia 2026 форумында жасанды интеллектінің ықпалы, әйелдер көшбасшылығы және этикалық күш мәселелері талқыланып жатыр. Форум спикерлері қатарында Камбоджа министрі Инг Канта Пави, екі мәрте «Оскар» алған режиссер Шармин Обейд-Чиной және Zuckerberg Media компаниясының бас директоры Рэнди Цукерберг бар. Ulysmedia.kz тілшісі сарапшылардың форумда айтқан негізгі ойларын жинақтады.