Жаңалықтар

Перуде жойқын жер сілкінісі болды: тұрғындар далаға қашып шығып, таулы аймақтарда көшкін жүрді
18:36 Жаңалықтар
Перудің орталық бөлігінде магнитудасы 6,7 болатын жер сілкінісі болды. Жерасты дүмпулері ел астанасы Лимада да сезіліп, жүздеген адам ғимараттардан сыртқа шыққан. Таулы аймақтарда жер көшіп, тастар құлаған. Кейбір тұрғын үйлер бүлініп, электр жарығы өшкен, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.