Сұхбат

Мемлекет ішіндегі мемлекет: «Самұрық-Қазынаны» кім және қалай өзгерте алады
21.11 12:30 Сұхбат
«Самұрық-Қазына» Қазақстан экономикасының төрттен біріне иелік етеді. Құрамында жүздеген компаниясы, 255 мыңнан астам қызметкері бар холдингтің ауқымы ұлғайғанымен, тиімділігі мен басқару сапасына қатысты сұрақ азаймай отыр. Жемқорлыққа қатысты соңғы оқиғалардан кейін қордың болашағы, ұлттық компанияларды жекешелендіру мәселесі қайта күн тәртібіне шықты. Ulysmedia.kz бас редакторы Самал Ибраева қаржыгер әрі кәсіпкер Арман Батаев және нарық сарапшысы, қаржыгер Бауыржан Мұқановпен «Самұрық-Қазынаның» бастапқы мақсатынан қалай ауытқығанын, мемлекеттің экономикадағы үлесін азайтудың жолдарын және ұлттық компанияларды жеке басқаруға берудің маңызын талқылады. Сарапшылар қорды түбегейлі реформалау, стратегиялық инвестор тарту, IPO мен SPO-ны тиімді пайдалану, корпоративтік басқаруды күшейту қажеттігін айтты. Сондай-ақ олар жаңа басшыға қандай өкілеттік пен жауапкершілік жүктелуі керегін, Қазақстанда білікті кадр тапшылығының себебін және саяси ерік-жігердің неге шешуші рөл атқаратынын сөз етті.