×
445.66
474.58
4.78
#БишімбаевСоты #су тасқыны #қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
445.66
474.58
4.78

Біртанов қолдаушыларына алғыс айтып, ертеңгі сотқа қатысуға шақырды

25.01.2022, 18:13
Фото: Ulysmedia.kz

Денсаулық сақтау министрі болған, бір жылдан астам уақыт қылмыстық жауапкершілікке тартылып жатқан Елжан Біртанов көпшіліктің қолдауына алғысын білдірді, деп хабарлайды ulysmedia.kz.

«Құрметті достар! Баршаңызға осындай заңсыз, біржақты тергеу барысы кезінде маған көрсеткен шынайы қолдауларыңыз үшін өзімнің және отбасымның атынан алғысымды білдіремін. Менің кінәсіз екеніме сенгендеріңіз мен үшін теңдессіз және өте маңызды моральдық көмек! Осы уақытқа дейін адвокаттарыммен бірге өзімнің ақ және кінәсіз екенімді дәлелдеуге тырыстық. Алайда біздің айтқан уәжімізді, келтірген деректерімізді тергеуші орган, қадағалаушы прокурорлар, тергеу соттары мүлдем елеген жоқ», - деп жазды ол әлеуметтік желіде.

Экс-министр ертең, 2022 жылғы 26 қаңтарда сағат 14:30-да сот отырысы басталатынын, заңдылық пен әділдікке жететініне сенетінін жазды.

«Қадірлі достар, ашық режімде өтетін сот отырыстарына қатысуға баршаңыздың құқығыңыз бар. Ешқандай сыбайлас жемқорлық қылмыс жасамағаныма көздеріңіз жетеді. Тағы бір мәрте сенгендеріңіз үшін шын жүректен ыстық ықыласымды білдіремін!» - деді ол.

Серіктес жаңалықтары