×
445.66
474.58
4.78
#БишімбаевСоты #су тасқыны #қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
445.66
474.58
4.78

«Омикронды» емдеуге арналған сегіз препарат анықталды

26.01.2022, 09:21
Фото: ашық дереккөз

«Омикронды» емдеуде дәрігерлер коронавирустың басқа штамдарында қолданған сегіз вирусқа қарсы препарат тиімділігін көрсетті, деп хабарлайды ulysmedia.kz.

Cell Research басылымының мәліметінше, Кент университеті мен Гете атындағы Франкфрут университеті ғалымдары жүргізген зерттеулер нәтижесінде осындай орытындыға келген.

Жасушаларды зерттеу нәтижесінде «омикронның» сегіз вирусқа қарсы препараттарға және коронавирустық инфекцияны емдеуге арналған дәрі-дәрмекке сезімтал екенін анықталды. Оларға EIDD-1931 (молнупиравирдің белсенді метаболиті), рибавирин, ремдесивир, фавиправир, PF-07321332 (нирматрелвир, паксловидтің белсенді ингредиенті), нафамостат, камостат және апротинин жатады.

Сондай-ақ, ғалымдар «омикрон» жұқтырған науқастардың дерттің ауыр түрлерімен азырақ ауыратын себебін де атады. Бұл штамм дененің барлық жасушаларында болатын интерферон деп аталатын реакцияның басылуына ерекше сезімтал болатындығына байланысты.

Серіктес жаңалықтары