×
441.66
475.14
4.86
#БишімбаевСоты #су тасқыны #қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
441.66
475.14
4.86

Павлодар тұрғыны өмірде жоқ пәтерді 25 рет жалға берген

23.09.2021, 20:51
ашық дереккөз

Сайттардың біріне Павлодар, Өскемен, Петропавл және Алматы қалаларында бір бөлмелі пәтерді ұзақ уақытқа жалға беру туралы жалған хабарландырулар орналастырған 32 жастағы павлодардық әйел ұсталды, деп хабарлайды ulysmedia.kz.

Polisia.kz-ның хабарлауынша, 32 жастағы әйел пәтер жалдаушыларға пәтерді арзан бағаға ұсынған.

«Пәтер жалдаушылар оның шарттарымен келісіп, кепілдеме ретінде ақшаның бір бөлігін немесе толық түрде бірреттік абоненттік нөмірдің балансына аударған. Жалға алушылар пәтерге көшіп келетін уақытта әйел хабарсыз кетіп отырған. Оған хабарласу мүмкін болмай қалған. Қазіргі уақытта оның интернет-алаяқтықтың 25 фактісін жасағаны анықталды. «Жалған жалға берушіге» қатысты ҚР Қылмыстық кодексінің 190-бабы 2-бөлігінің 4-тармағы бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды. Ұсталған әйел Павлодар қаласының уақытша ұстау изоляторына қамалды», - дейді Павлодар облысы Полиция департаменті басшысының орынбасары Ельдар Әбдікенов.

Павлодар облысында жыл басынан бері 1078 алаяқтық фактісі тіркелген, оның 779-ы интернет-алаяқтықпен байланысты.

Серіктес жаңалықтары