Ресей президенті Владимир Путин өткен жылдың желтоқсанында Ақтауда құлаған Әзербайжан әуе компаниясының жолаушылар ұшағы апатына Мәскеу кінәлі екенін мойындады, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.
МӘН-ЖАЙ
Путин Ресей тарапынан өтемақы төленетінін мәлімдеді.
9 қазанда Душанбеде Әзербайжан мен Ресей президенттерінің кездесуі өтті. Кремль таратқан қысқа видеода Путиннің Ильхам Әлиевке сол оқиға үшін бұған дейін кешірім сұрағанын еске салған сәті бейнеленген.
КОНТЕКСТ
Еске салайық, былтыр 25 желтоқсанда Ақтау маңында Бакуден (Әзербайжан) Грозныйға (Ресей) бет алған әзербайжандық AZAL әуе компаниясының Embraer 190 жолаушылар ұшағы құлап, борттағы 67 адамның 29-ы аман қалып, 38-і қаза тапты.