×
449.58
486.94
4.86
#қаңтар қақтығысы #сайлау #Украинадағы соғыс #Палестина #жемқорлық #тағайындау
449.58
486.94
4.86

2019 жылы қызметінен қуылған генерал Маңғыстау полициясын басқаратын болды

10.02.2022, 14:01
видеодан алынған кадр

2019 жылы ат мінген атышулы видеодан кейін қызметінен алынған Атырау облысы Полиция департаментінің экс-бастығы полиция сапына қайта оралды.

 

ҚР Президенті әкімшілігінің келісімі бойынша ҚР Ішкі істер министрінің бұйрығымен Маңғыстау облысы Полиция департаментінің бастығы лауазымына Аян Дүйсембаев тағайындалды, деп хабарлайды Ulysmedia.kz. 

Жеке құрамға Полиция департаментінің жаңа басшысын ҚР Ішкі істер министрінің орынбасары Мұрат Баймұқашев таныстырды.

Аян Сәбитұлы Дүйсембаев 1966 жылы Атырау облысында дүниеге келген.

Ішкі істер органдарында 1999 жылдан бастап Алматы қаласы ІІБ криминалдық полиция қызметі бөлімінің жедел уәкілі лауазымында жұмыс істей бастады.

2012 жылдан бастап Атырау облысы Ішкі істер департаменті бастығының бірінші орынбасары, 2016 жылдан 2019 жылға дейін осы Департаменттің бастығы қызметін атқарды.

Дәл осы кезеңде генерал екі рет қоғамның назарына ілікті. 2018 жылы желіде оның казино ойнаған сәті түсірілген видео тарады. 2019 тағы бір видео жұрт наразылығын тудырды, онда генералды зор қошеметпен күтіп алған жерлестерінің ат мінгізген сәті таспаланған. Резонанс Ақордаға жетіп, Қасым-Жомарт Тоқаев қызметтік тексеру жүргізуді тапсырған болатын.

Тексеру нәтижесі бойынша ІІМ басшысы президент әкімшілігіне өз әріптесін қызметінен босату туралы ұсыныс енгізді. Генерал "қызметтік этиканы бұзғаны үшін" қызметінен босатылды.

2019-2021 жылдар аралығында Дүйсембаев Маңғыстау облысы әкімінің кеңесшісі болып жұмыс істеді.

Жаңа лауазымына дейін ҚР ТЖМ өртке қарсы қызмет комитеті төрағасының орынбасары қызметін атқарды.

Серіктес жаңалықтары